Құрбан Бердыев «Қайраттағы» болашағына қатысты пікір білдірді

Маргулан Жакып
24.11.2021
16:45
Новость
Футбол

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев командамен келісімшартына байланысты мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz. Еске салайық, оның қазіргі келісімшарты жыл соңында аяқталады. 

«Келісімшартты ұзарту мәселесі «Базель» және «Шахтер» ойынының нәтижелеріне байланысты болмайды. Біз болашаққа ауқымды қарап отырмы. Менің Қайрат Советұлымен қарым-қатынасым жақсы. 15 желтоқсаннан кейін келісімшарт туралы сөйлесеміз», – деді Құрбан Бекиұлы. 

Айта кетейік, бұған дейін Бердыевтің келісімшартын «Қайратпен» тағы екі жылға созуға болады деген ақпарат шыққан еді. 

Еске салайық, ертең, 25 қараша күні «Қайрат« Коеференция лигасы топтық кезеңінің бесінші турында «Базельге» қарсы ойын өткізеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 21:30-да басталады. 

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!