Бүгін «Қайсар» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында украиналық «ВПК-Агро» командасымен жолдастық кездесу өткізді.
Матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Қызылордалық команда сапынан Данияр Әлімжан гол соқты.
«Қайсардың» бірінші таймдағы құрамы: Салайдын, Карпович, Н’Дойе, Потапов, Әмірсейітов, Денкович, Нәрзілдаев, Құрманбекұлы, қаралымдағы ойыншы, Махан, Лаукжямис.
«Қайсардың» екінші таймдағы құрамы: Леонов, Жақсыбаев, қаралымдағы ойыншы, Алтаев, Сарбай, Құлмағанбетов, Байжанов, Шахметов, Әлімжан, Кеңесов, Абзалов.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.