«Қайраттың» еурокубоктің топтық кезеңіне қатысатын командалар арасындағы рейтингі белгілі болды

Ернар Ламкадыров
14.09.2021
11:40
Новость
Футбол

Euro Club Index порталы осы маусымдағы еурокубоктердің топтық кезеңінің барлық қатысушыларының рейтингін жасады, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» тарихта тұңғыш рет еурододаның топтық кезеңіне - Конференция Лигасына шықты. Бұл рейтингте алматылық команда 96 команданың ішінде 89-орынға табан тіреді.

«Сары-қаралардың» топтағы қарсыластары келесі позицияларды иеленді: швейцариялық Базель - 60-шы, кипрлік «Омония» - 86-шы, ал әзірбайжандық «Карабах» 88-орынға табан тіреді.

Еурокубок бәсекесінің топтық кезеңіне қатысатын командалардың рейтингі:

1. Бавария Мюнхен (Германия)

2. Манчестер Сити (Англия)

3. Барселона (Испания)

4. Реал Мадрид (Испания)

5. Ливерпуль (Англия)

6. Челси (Англия)

7. Атлетико Мадрид (Испания)

8. ПСЖ (Франция)

...

86. Омония (Кипр)

87. Шериф (Молдова)

88. «Карабах» (Әзірбайжан)

89. «Қайрат» (Қазақстан)

90. Анортоз (Кипр)

95. «Алашкерт» (Армения)

96. Линкольн Ред Импс (Гибралтар)

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!