«Қайраттың» армениялық ойыншысы «Карабахқа» қарсы матчқа қатыспайды

Маргулан Жакып
14.10.2021
10:02
Новость
Футбол

«Қайраттың» армениялық футболшысы Камо Оганесян Конференция лигасының топтық кезеңі аясында өтетін «Карабахқа» қарсы матчқа қатыспайды. Бұл туралы Report-қа әзербайжандық клубтың баспасөз қызметінің басшысы Гюндюз Аббасзаде айтты.

Оның айтуынша, «Қайраттың» Бакуге ұшып келетін ойыншыларының тізімінде Оганесянның есімі жоқ. Өйткені «Карабахта» армениялық ойыншыға жанкүйерлер тарапынан қысым болуы мүмкін деген қорқыныш болып, «Қайратқа» Камоны әкелмеуді өтінген және алматылықтар жағдайға түсіністікпен қарапты.

Еске сала кетейік, Конференция лигасы топтық кезеңінің аясындағы «Карабах» — «Қайрат» матчы 21 қазан күні Бакудегі Тофиг Бахрамов атындағы Республикалық стадионда өтеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!