«Қайрат» УЕФА Жастар лигасында «Жилинаға» пенальти сериясында жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды

Маргулан Жакып
24.11.2021
17:04
Новость
Футбол

Алматылық «Қайраттың» жастары УЕФА Жастар лигасының екінші кезеңінде «Жилинаның» жастарына пенальти сериясында жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.

Алматылықтар алғаш болып есеп ашып, ойынды жеңіспен аяқтағанымен, қос матч қорытындысы бойынша есеп теңесіп (3:3), ойын соңындағы пенальти сериясында «Қайрат» футболшылары бірде-бір рет қақпаны дәл көздей алмай, жеңіліс тапты.

УЕФА Жастар лигасы. 2-раунд

«Қайрат» U-19 — «Жилина» U-19 1:0 (1:0, 0:0, 0:3 пен.)

Гол: Төлеуханов (32) 

Осылайша алматылықтар ақпан айындағы өтпелі ойындарға жолдама ала алмады.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!