Выбор пользователей
Первый букмекер
Лучшие коэффициенты
Выбор редакции

«Қайрат» РПЛ клубын ірі есеппен ұтып ОЖЖ-ын әдемі қорытындылады

Наурызбай Сатжанов
23/02/2021
23:30
Новость
Футбол
«Қайрат» РПЛ клубын ірі есеппен ұтып ОЖЖ-ын әдемі қорытындылады

Алматылық «Қайрат» ОЖЖ аясындағы соңғы жолдастық кездесуін өткізді, қазақстандық клуб «Роторға» қарсы ойнады. 

Алексей Шпилевский негізгі құрамда алаңға мына ойыншыларды шығарды: Устименко, Кейлер, Поляков, Широбоков, Астанов, Буранчиев, Үсенов, Абдулла, Алыкулов, Шушеначев, Эсеола.

Бірінші тайм толығымен алматылықтардың пайдасына шешілді, Гулжигит Алыкулов дубль жасаса, артынша Артур Шушеначев бір гол салды. Үзілістен кейін Андрес Понсе есеп айырмасын қысқартқанымен, ресейліктердің басқа істер шарасы болмады. Ал ойынның қорытынды голын Арсен Буранчиев соқты. 

«Қайраттың» келесі ойыны 3-ші наурызда болады, Қазақстан Суперкубогының жартылай финалында оңтүстік астаналықтар «Тобылмен» ақтық сынның жолдамасын сарапқа салады.

«Кайрат» (Казахстан) — «Ротор» (Россия) 4:1 (3:0)

Голдар: Алыкулов 2 (1:0), Шушеначев 22 (2:0), Алыкулов 32 (3:0), Понсе 52 (3:1), Буранчиев 84 (4:1).


Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Поделиться:

Рейтинг: 0