23 ақпан күні алматылық «Қайрат» Түркияда өтіп жатқан ОЖЖ аясындағы кезекті жолдастық матчын өткізеді. Олардың бүгінгі қарсыласы ресейлік «Ротор» командасы.
«Қайрат» — «Ротор» ойыны Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:00-де басталмақ.
«Ротор» Ресей Премьер-Лигасында өнер көрсетеді және 19 ойыннан соң 16 ұжым ішінен 13-ші орында келе жатқанын айта кетейік. Волгоградтық команда ОЖЖ барысында соңғы екі ойында да ұтылған. Алдымен «Рубинге» (0:3), сонан соң белорустік «Торпедо-БелАЗ» (1:2) футбол клубтарына есе жібергін.
Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.