«Қайрат» ойыншылары Бердыевтің тактикасына наразы

Маргулан Жакып
14.10.2021
14:02
Новость
Футбол

«Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев өз командасының футболшылары тарапынан түсініспеушілікке тап болды, деп хабарлайды ресейлік «Чемпионат» спорт порталы.

«Бердыевтан көп нәрсе күтті. Ол қорғаныс футболын ойнайды және ойын жоқ. Клубтың футболшылары команданың аутсайдерлерге қарсы осылай ойнайтынына риза емес», — делінген дереккөздің жазбасында.

Естеріңізге сала кетсек, Бердыев тамыз айының соңында алматылық клубтың тізгінін ұстаған еді.

«Қайрат» Қазақстан чемпионатында 23 матчтан кейін 44 ұпай жинап, үшінші орында келеді. Ал Конференция лигасының топтық кезеңінде бір ұпаймен үшінші сатыға жайғасқан.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!