«Қайрат» қолда тұрған жеңісті уысынан шығарып алды

Ернар Ламкадыров
25.11.2021
23:28
Новость
Футбол

«Қайрат» Конференция лигасының 5-турында «Базельге» есе жіберді. Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 2:3 есебімен швейцариялық команданың пайдасына аяқталды.

Ойынның 23-минутында Вагнер Дав есеп ашып еді. Артур Кабрал бірінші таймның соңғы минутында пенальтиден гол соғып, таразы басын теңестірді. 56-минутта Камо Оганесян алаңға шыға салып, алматылық клубты алға шығарды. 69-минутта Эдош Жегрова, ал төрт минуттан кейін Пайтим Касами жеңісті голды соқты.

УЕФА Конференция лигасы, топтық кезең, 5-тур

«Қайрат» - «Базель» - 2:3

«Қайрат»: Стас Покатилов (қ) (к) – Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Денис Поляков, Маки Баньяк, Дино Миканович (Камо Оганесян 55) – Яцек Гуральский, Рикарду Алвеш (Айбол Әбікен 55) – Вагнер Лав (Еркебұлан Сейдахмет 80), Жоао Пауло (Гүлжігіт Алықұлов 70), Хосе Канте (Артур Шушеначев 55);

«Базель»: Хайнц Линднер (қ) – Томаш Тавареш, Анди Пельмар, Фабиан Фрай, Михаэль Ланг (Серхио Лопес 64) – Пайтим Касами, Ваутер Бюргер (Таулянт Джака 88), Валентин Штокер (к) (Матиас Паласиос 64), Лиам Миллар (Эдош Жегрова 64), Дэн Ндой (Дариан Маль 88) – Артур Кабрал;

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!