««Қайрат» дұрыс бағытта келеді және оның болашағы жарқын». Шпилевский командасымен жылы қоштасты

Наурызбай Сатжанов
10.06.2021
10:11
Новость
Футбол
««Қайрат» дұрыс бағытта келеді және оның болашағы жарқын». Шпилевский командасымен жылы қоштасты

Бірнеше маусым алматылық «Қайратта» бас бапкерлік еткен маман Алексей Шпилевский клубтың баспасөз қызметіне соңғы сұхбатын берді:

— Ең алдымен, біздің президентіміз Қайрат Советайұлына осындай ұлы клубта жұмыс жасауға мүмкіндік бергендігі үшін алғысымды айтқым келеді. Бұл клуб кеңес одағынан шыққан елдер төңірегінде ғана емес, Еуропада да танымал. Ол жақта жүргенде клуб жайлы тек жақсы сөздер айтатын боламын. Мен мұнда керемет кезеңдерді бастан кештім және тек менің санамда тек жақсы естеліктер қалады. Өзімнің бір бөлігімді мен осында қалдырамын, ал біз жігіттермен бірге көптен күткен чемпиондықты алып, тарихта атымызды қалдырдық. Клуб осыған лайықты болды, кім не десе де, «Қайрат» дұрыс бағытта келе жатыр. «Қара-сарылардың» болашағы жарқын.

Маған жылы лебіздерін білдіріп, шынайы жанашырлық танытқан барша жанкүйерлерге ризашылығымды білдіремін. Туған комиандаларыңызға жанкүйер болыңыздар, жігіттерді қолдаңыздар. Футбол алаңында тағы кездесетінімізге сенімдімін. Барлық «қайраттықтарға» денсаулық тілеймін және тек аоға баса беріңіздер!

Баршаңызға үлкен рахмет! Алға, «Қайрат»!

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.