«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы «Црвена Звездаға» қарсы алғашқы матчта жеңіске жетті

Маргулан Жакып
21.07.2021
21:53
Новость
Футбол

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы матчта белградтық «Црвена Звездадан» айласын асырды.

Кездесудің 24 минутында Хосе Канте бұрыштамадан көтерілген допқа бірініш болып жетіп, баспен соққы жасап, оңтүстік астаналықтарды алға шығарды.

Ал екінші таймның 57 минутында Дино Миканович өз қақпасының торын өзі тулатып, таблодағы есеп теңесті. 79 минутта Маки Баньяк алматылық клуб сапындағы дебюттік голын соғып, командасын қайта алға шығарды.

Осылайша «Қайрат» қос матчтық текетірестің алғашқысынды басым түсті. Қарымта матч 28 шілде күні Белградта өтеді.

Чемпиондар лигасы. Екінші іріктеу кезеңі. Алғашқы матч

«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) – «Црвена Звезда» (Белград, Сербия) 

Голдар: Канте (24), Баньяк (79) – Миканович (57 – өз қақпасына)

«Қайрат»: Покатилов (Қ), Сүйімбаев (Буранчиев, 46 (Алыкулов, 76), Әліп, Дугалич, Миканович, Поляков, Косович (Вороговский, 12), Оганесян, Вагнер Лав, Канте, Шушеначев (Баньяк, 68)

«Црвена Звезда»: Борьян (Қ), Родич, Панков, Драгович, Гайич, Иванич (Канга, 68), Саного Жуниор, Крстичич, Катай (Бакайоко, 84), Эль Фарду, Павков (Диони, 46)

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.