«Қайрат» бас бапкері «Црвена Звездаға» қарсы өтер ойын жайлы ойымен бөлісті

Маргулан Жакып
21.07.2021
10:05
Новость
Футбол

«Қайрат» клубының бас бапкері қызметін атқарушы Кирилл Кекер алдағы «Црвена Звездаға» қарсы ойын жайлы ойымен бөлісті және Жоао Паулоның жарақаты туралы тілге тиек етті.

– Бұл Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі, сол себепті тек жоғарғы деңгейді күтемін. Біз қос команданың бұрындары кездескенін білеміз, алайда өткен кездесулердің бұл текетіреске еш қатысы жоқ.

– Жоаоның жағдайы қалай? Біз оны ертеңгі ойында көре аламыз ба?

– Өкінішке орай, Жоао жарақат алып қалды және қазір қалыпқа келу үстінде. Ойыншы жеке жаттығумен айналысуда. Оның тезірек сауығуын күтеміз.

– Өткен апта бойы клуб стадионға жанкүйерлердің кіргізілуі жөніндегі мәселені шешті...

– Әлбетте, трибуналарда жанкүйерлердің болатынына қуаныштымыз, олар біз үшін өте маңызды. Олардың қолдауы мен күш-қуаты «Маккабиге» қарсы ойында матч бойы сезілді. Ертеңгі ойында да көрермендердің аздығына қарамастан, қолдау бұрынғыдай болады деп үміттенемін.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.