ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

22 қыркүйектегі «Каспий» – «Астана» қарымта матчында кім жеңіске жетеді және қай телеарна көрсетеді

«Тобылдың» Тараздағы сәтсіздігінен кейін «Астана» чемпиондықты өзіне қайтарып алуға жақын тұр. Ал «Каспий» еурокубоктік турнирге жолдама алу үшін соңына дейін күресері сөзсіз. Кубоктік ойын да қос тарап назарынан тыс қалған емес. Алғашқы ойындары дүйім жұрттың көңілінен шыққаны даусыз. Қарымта кездесу 22 қыркүйек күні Ақтауда елорда уақытымен 18:00-де басталады.

Ақтаулықтар мен астаналықтар арасындағы тартысты кездесуді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Тікелей көрсетілім елорда уақытымен 17:55-те басталады.

Благоевичтің шәкірттері D тобында «Қайратты» артқа тастап, бірінші орынмен шыққаннан кейін кубоктік ойындарға ерекше талпыныс алғандай. Елордадағы алғашқы матчта 2:0 жеңіліп жатып, 95 минутта есепті теңестіріп кетті. Енді өз алаңында оңай берілмесі сөзсіз. ҚПЛ арқылы еурокубокке жолдама ала алмаса, кубок арқылы сол олқылықты толтырудың мүмкңндігі бар. Сондықтан ақтаулықтар аянып қалмайды. Барлық турнирлердегі соңғы бес матчта екі мәрте жеңіске жетіп, екі рет жеңіліп, бір мәрте тең түскен. Ал «Астанамен» алты рет кездесіп, бір мәрте ғана асығы алшысынан түскен. Үшеуінде елордалықтар жеңіп, екі ойын тең аяқталған.

Астаналықтар Конференция лигасындағы өзекті өртеген жеңілістен кейін төрт ойын өткізіп, екі мәрте жеңіске жетіп, екі рет тең тарқасты. Соның бірі Қазақстан кубогі ширек финалындағы «Каспийге» қарсы алғашқы матч болды. «Астана» үш рет есепте алда болып, 95 минутта жеңісті уысынан шығарып алған еді. Ал ҚПЛ-ге келер болсақ, елордалықтар чемпиондық атақты қайтарып алуға жақын тұр. Сондықтан кубоктік ойынды екінші жоспарға қойып, шамадан тыс күш жұмсамауы ықтимал.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте