ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

22 қыркүйектегі «Қайрат» – «Қайсар» матчын қайдан көруге болады

«Қайрат» чемпиондыққа таластағы күрестен шығып қалғандай көрінеді, ал «Қайсар» 90%-ға Бірінші лигаға жол тартып тұр. Сондықтан қос тарап та маусымнан трофейсіз кетпес үшін бар күштерін кубоктік ойынға салып көрері хақ. «Қайсар» С тобында «Астананы» артқа тастап, бірінші орынмен шықса, «Қайрат» D тобында «Каспийді» алға жіберіп, екінші сатымен плей-оффқа жолдама алды. Қос клуб осылайша бір-біріне қарсылас атанды. Ойын 22 қыркүйек күні «Орталық» стадионда елорда уақытымен 20:00-де басталады.

Алматылықтар мен қызылордалықтар арасындағы текетіресті «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Тікелей көрсетілім елорда уақытымен 19:55-те басталады деп жоспарланған.

Оңтүстік астаналықтар ала-құла өнер көрсетуде. Құрбан Бердыев тізгініндегі алғашқы жеңісіне де әупірімдеп жүріп әрең жетті. Шымкентте «Ордабасыдан» жеңілгеннен (2:1) кейін 19 қыркүйек күні өз алаңында «Қызылжарды» минималды есеппен тізе бүктірді. Барлық турнирлердегі соңғы бес матчтың үшеуінде жеңіске жетсе, бір мәрте тең түсіп, бір рет жеңілістің ащы дәмін татқан. Ал «Қайсардан» 2019 жылдар бері жеңілмей келеді. Бес мәрте жеңіс тойын тойлап, бір рет тең тарқасқан.

Қызылордалықтар Никитенко келгеннен кейін жоспар бойынша жеңісті жолға түсуі тиіс еді. Алайда бәрі керісінше кетіп, «қасқырлар» ұшу аймағынан шығуға емес, Бірінші лигаға түсуге бір табан жақын тұр. ҚПЛ-же жағдайдың тым күрделі екенін ескерсек, Никитенконың біліктілігін көрсететін дода Қазақстан кубогі болып тұр. «Қайсар» барлық турнирлердегі соңғы бес матча үш рет қарсыласқа жол беріп, екі мәрте асығы алшысынан түскен. Ал жоғарыда айтқанымыздай, «Қайратты» 2019 жылдан бері жеңе алмай келеді.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте