ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Трансферлік терезеде ең көп ақша жұмсаған «Арсенал» антирекорд орнатты

Биылғы маусым «Арсенал» үшін де, жанкүйерлері үшін де өте сәтсіз басталды. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі лондондық клубтың сәтсіздігіне себеп болған жағдайларды анықтап көрмек.

КФ ланесрА

«Арсенал» маусымашар ойында соңғы 74 жыл бойы АПЛ-де өнер көрсетпеген «Брентфордтан» (2:0), кейін «Челси» (0:2) мен «Манчестер Ситиден» (5:0) жеңілді. Десе де, «канонирлердің» еншісінде бір жеңіс бар. «Арсенал» өткен маусымды сегізінші орынмен аяқтағандықтан, Англия лигасы кубогіндегі жорығын 1/32 финалдан бастады. Бұл айналымда Чемпионшип өкілі «Вест Бромвич Альбионды» 6:0 есебімен жеңді. Әзірге «Арсеналдың» жалғыз қуанышы осы ғана.

«Арсенал» - жазғы трансферлік терезеде ең көп қаржы жұмсаған клуб

«Арсенал» трансферлік терезеде басқа командалармен терезесі тең деңгейде жұмыс жасады. Англия құрамасының қорғаушысы Бэн Уайт пен қақпашы Аарон Рэмсдейл, Норвегия құрамасының капитаны Мартин Эдегор мен португалиялық қорғаушы Нуну Таварешті және Альберт Самби Локонго есімді жас талантты қатарға қосты

лйедсмэР нораА

Рэмсдейл ең қымбат қақпашылардың тізімінде 9-орында тұр. «Арсенал» «Шеффилд Юнайтедке» екі маусым қатарынан Премьер-лигадан ұшып кеткен қақпашы үшін бонустарды есептемегенде 28 миллион еуро берді. Бұған дейін олар талантты Леноға 25 миллион еуро төлеген еді, содан кейін Аргентина құрамасының негізгі қақпашысы Эмилиано Мартинесті «Астон Виллаға» 17,4 миллион еуроға жіберді. Ал ол болса «Вилланың» негізгі қақпашысы атанып, өткен маусымда 14 матчта қақпасына гол жібермеді және жазда Аргентинамен бірге Америка Кубгін жеңіп алды. «Канонирлер» осы тұста үлкен қателік жіберді. Әрине, қаржы жағынан.

тйаУ нэБ

Көптеген адамдар Рэмсдейлді білетін, маусым бойы «Шеффилдтің» негізгі қақпашысы болды. Бірақ «Англия» құрамасының қосалқы құрамында отырған «Брайтон» қорғаушысы Бэн Уайт үшін 58,5 миллион еуро төлейді деп кім ойлаған? Клубтың адал жанкүйерлері Уайтты мықты қорғаушы дегенімен, бұл жас жігіт үшін тым көп ақша. Ия, қазір барлық командалар екінші ван Дейкті іздеп кетті. «Манчестер Юнайтед» Магуайр үшін 87 миллион еуро берді. «Тоттенхэм» Кристиан Ромеро үшін 55 мииллион еуро, ал «Манчестер Сити» Рубен Диаш үшін 68 миллион еуро төледі. Бұл жерде өзінің бағасын ақтап жатқан ойыншы ретінде Диашты ғана атауға болады. Әзірге...

рогедЭ нитраМ нитраМ

Уайт пен Рэмсдейлден басқа, лондондық клуб Эдегорды да қатарға қосты - олар ұзақ уақыт бойы «Реал Мадридпен» келіссөздер жүргізіп, норвегиялық футболшыны 35 миллион еуро сатып алды. «Бенфикадан» келген Нуну Тавареш те алғашқы ойындарда алаңға шығып, жарақат ала беретін Киран Тирнидің орнында ойнай алатынын дәлелдеді. Сондай-ақ «Арсенал» «Андерлехттің» орталық жартылай қорғаушысы Альберт Самби Локонгомен келісім-шартқа отыру үшін 17,5 миллион еуро төледі. Қорытындылай келе, лондондық клуб осы жазда 147 миллион еуро жұмсап, ойыншыларын сату арқылы тек 29,4 миллион еуро пайда тапқан.

Гвардиоладан тәлім алған Артета неге жеңіске жете алмауда?

«Арсеналдың» шабуыл шебінде кіл мықтылар жинақталған. Тәжірибелі Обамеянг пен Ляказеттерден бастап, жас таланттар - Букайо Сака, Мартинелли, Эмиль Смит-Роу, Николя Пепе, Эдвард Нкетиа секілді ойыншылар өнер көрсетеді. Бірақ барлығының жеке шеберліктерін бір арнаға тоғыстыру керек секілді. Ал қорғаныс шебінде ойнайтын Габриэль мен Бэн Уайт жарақат алып қалды. Артетаның бас ауыртатын мәселесі де осы. Бұл екеуінен бөлек, лазаретте Томас Парти жатыр. Өткен жазда «Атлетикодан» ауысып келген ганалық футболшының жарақат алуы жиіледі. Артетаға ең алдымен қорғанысты бір жүйеге келтіру қажет. 3 ойында тоғыз гол жіберген «Арсенал» қазір 20-орында тұр. Шабуылдағы нәтижелері де көңіл көншітпейді. Жоғарыда аталған шабуылшылардың бірде-біреуі АПЛ-дың жаңа маусымында гол соға алмады. Осылайша, лондондық клуб жаңа антирекорд орнатты. Алғашқы үш ойында жеңілген былай тұрсын, үшеуінде де гол соға алмады деген статистика бұған дейін клуб тарихында болмаған екен.

атетрА ьлекиМ

«Арсенал» бұл маусымда қаржы жағынан да қиналайын деп тұр. Лондондық клуб биыл еурокубок бәсекесінде өнер көрсетпейді. Демек УЕФА тарапынан берілетін сыйақыдан қағылды. Ал Англия тарапынан мол қаржы алу үшін үздік командалардың қатарында болу керек. Бұл да әзірге мүмкін болып көрінбейді. Жазғы демалыста артық салмақ жинап келген Вилиан «Арсенал» сапында әжептеуір жалақы алады. Бірақ ол жақын арада «Коринтианс» клубына ауысады. «Канонирлер» бұл трансфер арқылы оның жалақысына төленетін 20 миллион еуроны үнемдеп қалады.

Артетаға соңғы мүмкіндік берілді

«Арсенал» басшылығы Микель Артетаға қазан айындағы халықаралық үзіліске дейін жағдайды түзетуге уақыт берді. Оған дейін команда «Норвич Сити», «Бернли», «Тоттенхэм» және «Брайтон» командаларына қарсы ойнайды. Испаниялық маман үшін қыркүйектің басындағы үзіліс керемет мүмкіндік болып саналады. Ұлттық құрамаға бармаған және жарақатынан айыққан ойыншыларды бабына келтірсе жоғарыда аталған төрт команданы да жеңуге болады. Мұндай дағдарыс кез-келген клубтың басында болады. Сондықтан 13 мәрте Англия чемпионы болған команданың бұл қиындықты еңсеретініне сенім мол. Бірақ мұны Артета істей ме, әлде жаңа бапкер істей ме? Бұл сұрақтың жауабын уақыт еншісіне қалдырайық...

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте