ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Шацкий – қаһарман! Ешкім сенбеген «Шахтер» Еуропадағы жорығын ары қарай жалғастырады

Қарағандылық «Шахтер» Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңі аясындағы украиналық «Колосқа» қарсы өткізген қарымта кездесуде матч соңындағы пенальти сериясы арқылы жеңіске жетіп, плей-офф раундына жолдама алды. Осы орайда Meta-ratings.kz тілшісі аталған ойын туралы ойын ортаға салмақ.

«Шахтер» Қарағарды

Қос команда негізгі 90 минут бойы жарытып ештеңе бітірмеді. Шабуылдарының көбісі аяқсыз қалып, көгілдір экран алдындағы жанкүйерлер жанұшыра айқайлатындай сәттер өте сирек болды, тіпті жоқтың қасы. Негізгі уақыттағы ең қауіпті сәт деп 8 минуттағы «Колостың» шабуылын айтса болатын шығар. Сол кезде Шацкий мен Буйволов жата жастана қорғанбаса, украиналықтар есепте алға шығып кетуі бек мүмкін еді. «Колос» «Шахтердан» екі есеге көп қауіпті шабуылдар ұйымдастырса да, қақпаға тек бір ғана дәл соққы бағыттай алды. Украиналық клубтың негізгі құрамға түбегейлі өзгеріс енгізгендері де жемісін бермеді. Іш пыстырарлық 90 минут голсыз аяқталып, қосымша 30 минуттықта да қос тарап көрерменді голмен қуанта қоймады.

Шазтер - Колос

Осылайша 0:0 есебі тіркеліп, мәселе матч соңындағы пенальти сериясына дейін ұласып, «кеншілердің» қақпа күзетшісі Игорь Щацкий «Колос» ойыншылары бағыттап үлгерген төрт соққының үшеуін қайтарып, қарағандылықтарды келесі кезеңге алып шықты.

Ойыннан кейін «Шахтердың» бас бапкері Магомед Адиев те голкипердің ерен еңбегін атап өтті:

«Өзіміз айтқандай, қиын ойын болды. Тіпті, маған – бас бапкер үшін де қиынға соқты. Қос команда да негізгі уақытта ұтқысы келді, сол себепті ойын алаң ортасында өтті. Пенальтидағы жеңіс – қақпашымыз Игорь Шацкийдың еңбегінің арқасы», – деді Адиев мырза.

Ал матч алдында «Мәселені пенальти сериясына жеткізбей шешкіміз келеді. Оған арнайы дайындықтың қажеті жоқ», деген «Колостың» бас бапкері Руслан Костышиннің басы салбырап, еліне оралады. Тіпті, негізгі уақытта жеңіске жететіндеріне сенімді болып, қайтар рейстің уақытын елорда уақытымен 23:30-ға белгілеген екен. Алайда бәрі олар қалағандай өрбімей, тағы да кешігіп ұшуға мәжбүр болды. Тағы да дейтін себебіміз: Қазақстанға келер алдында да белгілі бір қиындықтарға тап болып, әуеге екі жарым сағатқа кеш көтерілген еді.

Әлеуметтік желіде «Колостың» жанкүйерлері сүйікті командаларының сүйегінен өткізе сынға алып жатыр. «Қазақстанның 11-ші клубынан ұтылу не масқара? Елдің абыройын шашпай, енді еурокубоктік ойындарға жақындамаңдаршы», деп жатқандары жетерлік.

Ал «Стяуадан» ары аса алмайды, жеткен жері осы» деген «Шахтер» араға сегіз жыл салып, қайтадан еурокубоктік ойындардың топтық кезеңіне шығуға бір табан жақын тұр. Естеріңізге сала кетсек, қарағандылық ұжым қазақстандық командалардың арасындағы топтық кезеңде өнер көрсеткен алғашқы клуб болып саналады. 2013/14 жылғы маусымда Еуропа лигасының топтық кезеңінде сынға түскен еді. Одан кейін 2014 жылы іріктеуден ары аса алмаса, соңғы жеті жылда еурокубоктік ойындардың маңына жолай алмай жүрді. Ал енді, міне, бірнеше жылдан кейін қайта оралып, сол баяғы жетістігін қайталауға ниетті. Ол үшін «Спартак Трнава» және «Маккаби Тель-Авив» жұбының жеңімпазын жарыс жолынан шығару керек. Сонда топтық кезеңнің есігі ашылады. Қос команда арасындағы алғашқы ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Ал қарымта матч 12 тамыз күні өтеді. Аталған екі клуб та алынбас қамал емес, шындап кіріссе, қайсысын болсын жеңуге болады. Не болса да әліптің артын бағайық.

Сонымен қатар «Шахтер» Конференция лигасының плей-офф кезеңіне өткен алғашқы қазақстандық клуб атанды. Екінші раундта өзіне тым сенімді болған румыниялық ФКСБ командасын да Шацкийдің көмегімен матч соңындағы пенальти сериясында тізе бүктірген еді.

Алда қазақстандық футболсүйер қауымды үш клубымыздың матчтары күтіп тұр. 12 тамыз күні «Қайрат», «Астана» һәм «Тобыл» қарымта кездесулерін өткізеді. Аталған үш командаға да «кеншілердің» жолын берсін деп тілейміз!

Фото: «Шахтер» ФК, «Колос» ФК

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте