ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Модрич кәсіби мансабын бастаған «Тобылдың» қарсыласы «Зриньски» жайлы не білеміз

«Тобыл» Чемпиондар лигасындағы сәтсіздіктен кейін Конференция лигасының топтық кезеңіне шығуды көздеуде. Сол мақсатқа жетуге кедергі болғысы келетін клубтардың бірі – «Зриньски».

Зриньски

«Зриньски» – 1905 жылы Мостар қаласының жастарының мұрындық болуымен құрылды. Алғашында студентік клуб болса, кейін гимназиялық Зриньски клубына айналды. Команда Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыста қиын кезеңдерді басынан өткеріп, ойындарға қатысуына рұқсат етілмеді.

Мостарлық клуб Босния және Герцеговина чемпионатында жеті мәрте топ жарып, бір рет кубокты басынан асыра көтерген.

«Зриньскидің» қазіргі таңда ауыз толтыра мақтанып айтар оқиғаларының бірі – құрамында «Алтын доп» алған Модричтің ойнауы. Лука футболшы ретіндегі алғашқы кәсіби мансабын дәл осы клубта өткізді. 2003 жылдың жазында загребтік «Динамо» Модрич пен тағы екі ойыншыны «Зриньскиге» жалға берген еді. «Реалдың» жартылай қорғаушысы клубтағы алғашқы маусымында-ақ көзге түсіп, жанкүйерлердің шешімі бойынша сол маусымдағы «Зриньскидің» ең үздік ойыншысы атанды.

Модрич

Мостарлық ұжым еурокубокта алғаш рет 2000 жылы өнер көрсетіп, Интертото кубогінің алғашқы айналымында сүрінген. Жалпы барлық еурокубоктік турнирлерде 55 ойынға шығып, 22 мәрте жеңіс тойын тойлап, 19 рет жеңілістің ащы дәмін татып, 14 кездесуде тең тарқасқан. Қостайналықтар секілді босниялық клуб та топтық кезеңінің дәмін татпаған.

«Зриньски» де маусымды Чемпиондар лигасында бастап, қазақстандық Данил Анкудинов өнер көрсететін «Шериф» клубынан жеңіліс (0:0, 0:1) тапты. Ал Конференция лигасы екінші іріктеу раундында «Тирананы» (3:2, 1:0) тізе бүктірді. «Тобыл» да осы жолмен жүріп, алғашында «Ференцвароштан» жеңілсе (0:0, 1:5), кейін «Линкольн Ред Импстен» (2:0, 1:0) айналып өтті.

Бұл «Тобыл» мен «Зриньски» арасындағы алғашқы матч емес. 2010 жылы қос клуб Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде күш сынасып, қос матч қорытындысы (2:1, 2:1) бойынша босниялықтарды мерейі үстем болған.

«Зриньски» ойыншыларының жалпы құны 8,63 миллион еуроны құрайды. Ең қымбат футболшысы – Неманья Билбиа. Нарықтағы бағасы – 1 миллион еуро. Ал «Тобылдың» құны – 10,98миллион еуро. Ең қымбат ойыншысы – Игорь Сергеев (1,7 млн еуро).

«Зриньски» құрамының 45,7-%-ын (16 ойыншы) легионерлер құрайды. Қазіргі таңда өз ұлттық құрамаларында ойнайтын төрт футболшысы бар. Олар: Йосип Чорлука, Хрвое Баришич, Неманья Билбиа һәм Игор Савич. Ал «Тобылдың» 39,1%-ы (9) шетелдік ойыншылар. Ұлттық құрамадағы аяқдопшылар саны – 9. Олар: Асхат Тағыберген, Сергей Малый, Александр Марочкин, Владислав Васильев, Айбар Жақсылықов, Самат Жарынбетов, Бағдат Қайыров (барлығы – Қазақстан), Игорь Сергеев (Өзбекстан) һәм Жарко Томашевич (Черногория).

Босниялықтар маусымаралық үзіліс кезінде Марин Топич, Сильвио Илинкович, Иван Вранкич, Карим Газетта және Никола Мандич сынды тағы да басқа ойыншылармен толықты.

«Зриньскидің» бас бапкері – Сергей Якирович. 45 жастағы маман 2020 жылдың желтоқсанынан бастап клубты тізгіндеп келеді. Клуб Якировичтің баптауымен Босния және Герцеговина Премьер-лигасында қатарынан 13 ойында жеңіске жетіп, рекорд орнатқан.

Якирович

Команда өз алaңындағы ойындарды құшағына 9000 мың жанкүйер сыйғыза алатын «Под Белым Бригом» стадионында өткізеді.

Қос клуб арасындағы алғашқы ойын 4-нен 5-не қараған түні елорда уақытымен 01:00-де басталады. Кездесуде «QazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Қарымта матч 11 тамыз күні Қостанайда өтеді. Қай жеңгені «Олимпиакос» (Грекия) – «Слован» (Словакия) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте