ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Маккабиді» бұл маусымда бір рет жеңдік, екінші рет жеңе аламыз ба?

«Колосты» пенальти сериясында жеңген «Шахтер» Конференция лигасының плей-офф кезеңіне өтті. «Кеншілер» соңғы айналымда қай командамен ойнайды, деңгейі қандай? Meta-ratings.kz тілшісі осы және өзге де сұрақтарға жауап іздеп көрмек.

Маккаби Тель-Авив

«Шахтердің» келесі кезеңдегі қарсыласы қазақ футболы үшін сәтсіз күн болған 12-тамызда анықталды. Словакиялық «Спартак Трнава» командасын қос матчтың қорытындысы бойынша 1:0 есебімен жеңген «Маккаби Тель-Авив» плей-офф кезеңінде қарағандылық клубпен күш сынасады. «Маккабидің» Конференция лигасындағы жорығын «Шахтер» секілді екінші кезеңнен бастағанын да айта кетейік. Ол жерде черногориялық «Сутьеска» клубын 3:1 есебімен жеңді.

"Спарта Трнаваны" жеңген сәт

«Маккаби Тель-Авив» - Израильдегі ең көп трофей жеңіп алған клуб. 23 рет ел чемпионы атанған команданың басқа кубоктерін санамай-ақ қойған дұрыс секілді. Бұл команданың Израильдегі ең беделді клуб екенін дәлелдейтін тағы бір факт бар. «Маккаби Тель-Авив» - төменгі лигада мүлдем ойнамаған Израильдегі жалғыз команда. Екі мәрте Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде және төрт рет Еуропа лигасының топтық кезеңінде бақ сынаған. 2014 жылы өз тобында екінші орын алып, Еуропа лигасының 1/16 финалына жолдама алды. Ол жерде «Базельден» 3:0 есебімен ұтылып, үйлеріне қайтты.

Жалпы, Тель-Авив қаласының атынан шығатын бұл клуб қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс. 2016/2017 жылғы Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Қайратты» 3:2 есебімен жеңген. Алматылық клубтың жіберген есесін келесі жылы «Астана» қайтарды. Дәл осы турнирдің топтық кезеңінде Станимир Стойлов шәкірттері «Маккабиді» алдымен «Астана Аренада» (4:0), содан кейін Израильде (0:1) тізе бүктірді.

"Астанамен" болған ойын

«Маккаби Тель-Авив» пен қазақ футболын байланыстыратын тағы бір жайт бар екен. Бұл команданы 2013-2015 жылдар аралығында алматылық «Қайраттың» спорттық директоры болып жұмыс істеген нидерландылық маман Патрик ван Леувен жаттықтырады. 52 жастағы бапкер клуб тізгінін осы жылдың басында ұстаған екен. Бұл маманның басшылығымен команда өткен маусымда Израиль чемпионатын екінші орынмен аяқтады.

Патрик ван Леувен

Бас бапкер мәселесіне келетін болсақ, «Маккабиді» кезінде Петер Бош (2016) және Йохан Кройфтың ұлы Йорди Кройф (2017-2018) секілді атақты мамандар жаттықтырған.

Transfermarkt порталының мәліметіне сүйенсек, «Маккаби» ойыншыларының жалпы құны 16,85 миллион еуроны құрайды. Бұл қарағандылық клубтың құнынан екі есе көп. Құрамында 9 легионер бар. Тель-Авивтік клубтың құрамындағы ең қымбат ойыншы – Стипе Перица. «Маккаби» бұл орталық шабуылшыны кеше, 14 тамыз күні англиялық «Уотфордтан» 1,5 миллион еуроға сатып алды. Хорватиялық футболшы «Шахтермен» болатын матчқа қатысуы бек мүмкін. Перица «Уотфордтан» бөлек, «Челси», «Удинезе» секілді клубтарда да доп тепкен. А сериясында 76 ойында 10 гол соққан Стипе өткен маусымда Чемпионшипте 16 матчқа қатысып, небәрі 1 мәрте мергендігімен көзге түсті.

Стипе Перица

«Маккабидің» тағы бір ойыншысын ерекше атап өтуге болады. 21 жастағы Панама құрамасының шабуылшысы Эдуарду Герреро команданың өткен маусымдағы үздік сұрмергені болған. Өткен жылы 28 матчқа шығып, 7 гол соққан және 5 нәтижелі пас берген.

Ал Осама Халайла есімді израильдік шабуылшы осы жылы Конференция лигасының іріктеу кезеңінде 2 мәрте көзге түсті. Өткен маусымда бұл футболшы да 7 гол соққан екен. Бірақ Геррероға қарағанда 5 ойын артық өткізгенін де айта кетейік.

Осама Халайла

Израиль чемпионатының жаңа маусымы 28 тамыз күні басталады. Сондықтан «Маккаби» қазір бар назарын тек еурокубоктік матчтарға аударуда. Одан бөлек, Тель-Авивтік клуб жаңа маусымды трофеймен бастау мүмкіндігінен айырылып қалды. Жақында ғана өткен Израиль Суперкубогінде «Маккаби Хайфадан» 2:0 есебімен жеңілді.

Сонымен, қос команда арасындағы алғашқы матч 19 тамыз күні «Астана Аренада», ал жауапты матч 26 тамыз күні Израильдегі «Блумфилд» стадионында өтеді.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте