ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Ел класикасындағы» тарихи нәтиже, «Ақтөбенің» ғаламат жеңісі һәм «Мақтааралдың» сенсациясы. 11-турға шолу

Қазақстан чемпионатының 11-туры мәресіне жетіп, футболсүйер қауым бірнеше қызықты матчтарға қанық болды. Осы орайды Meta-ratings.kz тілшісі тартысты ойындарға шолу жасауды ұйғарды.

«Шахтер» — «Ордабасы» 1:0

Гол: Мұртазаев (50)

11-турдың шымылдығын Қарағандыдағы ойын ашып, көрермендерді көп голмен қуанта алмады және турдың ең аз гол соғылған матчы болып тіркелді. Кездесудегі жалғыз допты Роман Мұртазаев соғып, «кеншілер» маусымдағы бесінші жеңісіне қол жеткізіп, 16 ұпаймен алтыншы сатыда келеді. Қарағандылықтардың бір ойыны кем екенін де айта кеткен жөн. Ал «Ордабасы» қатарынан үшінші ойында жеңіліс тауып, 14 ұпаймен сегізінші орынға жайғасқан.

«Астана» — «Қайрат» 6:0

Голдар: Томасов (19, 44, 63), Влут (35), Эуженио (48, 70)

Турдың басты матчында «Ел класикасында» бұрын соңды болмаған есеп тіркелді. Елордалықтардың оңтүстік астаналықтардың қақпасына жауапсыз алты гол тоғытып, қос команда арасындағы дербидегі ең ірі жеңіске жетті. Сонымен қатар «Қайрат» тәуелсіз Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең ірі жеңілісіне ұшырады. Осыған дейінгі ірі жеңілістері – 0:5 («Астана (1964)» Астана, 2007); 0:5 («Ертіс» Павлодар, 1999, 2019); 1:6 («Астана (2009)» Астана, 2011).

Осылайша алматылықтар қатарынан алты матч бойы жеңіске жете алмауда. Ал астаналықтар қатарынан бес ойын жеңілістің ащы дәмін татпады. «Қайрат» 13 ұпаймен оныншы орында келеді, ал «Астана» 20 ұпаймен екінші сатыға жайғасқан.

Сондай-ақ аталған ойынды тамашалауға «Астана Аренаға» 12 500 көрермен келді. Бұл әзірге ағымдағы маусымның рекордтық көрсеткіші екенін де айта кеткен жөн.

«Атырау» — «Қызылжар» 3:3

Голдар: Нәбиханов (3), Филипович (46, 73) — Бушман (50, 71 – пенальтиден, 90+5 – пенальтиден)

Атыраулықтар өз алаңында 2:0 жеңіп жатып, жеңісті қолдарында ұстап қала алмады. 95 минуттағы пенальти мен Юрий Бушманның хет-тригі «мұнайшыларды» екі ұпайдан айырды.

Осылайша «Қызылжар» қатарынан төртінші ойында қарсыласпен тең түсті. Ал жалпы маусымда алтыншы мәрте кездесуі тең есеппен аяқталды. Петропавлдық клубтың қоржынында жалғыз ғана жеңіс бар екенін де айта кеткен жөн. Конференция лигасында Қазақстан намысын қорғайтын команда 11 турдан кейін 9 ұпай еншілеп, 13-ші орында келеді. Ал «Атырау» қатарынан төрт матчта жеңілмей, 18 ұпаймен төртінші сатыға жайғасқан.

«Ақсу» — «Тұран» 2:0

Голдар: Кәкімов (18), Жақсыбаев (73)

Ақсулықтар өз алаңында маңызды жеңіске қол жеткізіп, қауіпті аймақтан алыстай түсті. Ал түркістандықтардың алты матчқа созылған жеңіліссіз сериясы (2 жеңіс, 4 тең ойын) үзіліп, Павлодарда бір гол да соға алмады.

«Ақсу» 13 ұпаймен тоғызыншы сатыға жайғасса, «Тұран» 11 ұпаймен 11-ші орында келеді. Қос команданың да бір ойындары кем екенін айта кеткен жөн.

«Ақтөбе» — «Тобыл» 2:1

Голдар: Сердеров (54), Жерар Гоу (90+12) — Аманович (79)

Турдың ең қызықты матчтарының бірі Ақтөбеде болды. Екінші тайм бойы он адаммен ойнаған «Ақтөбе» 102 минутта жеңісті голды соғып, «Қобыландыға» жиналған 11 800 жанкүйерді шаттыққа бөледі.

Осы ғаламат жеңістің арқасында «Ақтөбе» 17 ұпаймен бесінші орында келеді. Ал Қазақстан чемпионы 15 ұпаймен жетінші сатыға жайғасқан.

Қостанайлықтар осы жеңілістен кейін бас бапкерсіз қалды. Александр Москаленко орнын босатты. Әзірге оның орнына кімнің тағайындалатыны белгісіз. Сонымен қатар «Тобылдың» капитаны Асхат Тағыберген матч барысындағы қақтығыстан кейін есінен танып, жедел жәрдем көлігімен емханаға жеткізілген еді. Алайда соңғы ақпараттарға сүйенсек, Тағыбергеннің денсаулығына төніп тұрған қатты қауіп жоқ екен.

«Мақтаарал» — «Каспий» 2:1

Голдар: Себаихи (35), Алекс Бруно (56) — Тәйкенов (49 – пенальтиден)

11-турдағы күтпеген нәтижелердің бірі Түркістанда тіркелді. ҚПЛ дебютанты сенсация жасап, турнир көшбасшыларының бірін тізе бүктіртті. Осылайша маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізіп, тоғыз ұпаймен соңғы, 14-ші, орында қалды. Соңғы кезде ала-құла өнер көрсетіп жүрген ақтаулықтар 19 ұпаймен үздік үштікті қорытындылап тұр.

Бұл ойын 11-турда ең аз көрермен жинаған матч болып тіркелгенін де айта кеткен жөн. «Мақтааралдың» күтпеген жеңісіне алаңнан тек 500 көрермен куә болды.

«Тараз» — «Ақжайық» 2:0

Голдар: Гамаков (6), Сүлей (90+5)

Жамбылдықтар өз алаңындағы 5000 жанкүйердің көз алдында оралдықтардың қақпасына жауапсыз екі гол соғып, жеңіліссіз сериясын алты матчқа дейін ұзартып, 21 ұпаймен көшбасындағы «Астананы» тұғырдан тайдырды. Ал «Ақжайық» бірде көл, бірде шөл болып, 11 ұпаймен 12-ші орында келеді.

Жалпы 11-турдың жеті матчында 23 гол соғылып, екі қызыл қағаз көрсетіліп, 40 620 жанкүйер алаң жиегінен ойындарды тамашалады. Бұл маусымдағы ең жоғары көрсеткіш екенін де айта кеткен жөн. Осыған дейін ең көп көрермен (24 790) бесінші турдың кездесулеріне келген еді.

12-турдың ойындар кестесі:

21 мамыр

19:00*. «Қайрат» — «Шахтер»

19:00. «Атырау» — «Астана»

21:00. «Ордабасы» — «Ақсу»

21:00. «Тұран» — «Ақтөбе»

22 мамыр

15:00. «Қызылжар» — «Ақжайық»

17:00. «Тобыл» — «Мақтаарал»

18:00. «Каспий» — «Тараз»

*Барлық ойындар елорда уақытымен көрсетілген.

Чемпионат Казахстана по футболу (Премьер-лига) 2022

Итого
Дома
В гостях
#КомандаИГО
1АстанаАстана2665:2453
2 ФК АктобеФК Актобе2643:2852
3 ТоболТобол2646:3347
4КайратКайрат2634:3642
5 ОрдабасыОрдабасы2636:3938
6 ФК АксуФК Аксу2632:3736
7 Шахтер КарагандаШахтер Караганда2634:3532
8 МахтааралМахтаарал2628:3831
9 Каспий АктауКаспий Актау2626:4231
10 Кызыл-ЖарКызыл-Жар2633:3230
11 АтырауАтырау2630:3929
12 ТаразТараз2627:2928
13 ТуранТуран2625:3528
14 АкжайыкАкжайык2619:3125
Проход дальше - Лига чемпионов (Квалификация)
Проход дальше - Лига конференций УЕФА (Квалификация)
Зона вылета
И – количество игр, Г – голы, О – очки
Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте