ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

Дубльдер додасы, Гризманның асыра сілтеуі, Месси мен Мбаппенің сыйластығы және «Олд Траффордтағы» ғажайып

Еуропа Чемпиондар Лигасының үшінші туры жанкүйерлердің көңілінен шыққандығы анық. Себебі, топтық кезеңнің бұл айналымындағы әр матч голға, сәйкесінше қызыққа толы өтті. Солардың ішіндегі есте қаларлықтай өткен кездесулерге Meta-ratings тілшісі тоқталып өтпек.

Месси мен Мбаппе

Қазанның бел ортасынан асқан шақта құрлықтық доп додасының қызықты сәттері басталуда. Олай дейтініміз, бұл топтағы барлық командалар бір-бірінің ойын жүйесіне, жаңа ойыншылар командаларына бой үйретіп, маусым басындағы қобалжу басылып, ашық ойынға көшкен кезең. Бұл турдың шымылдығы Бельгияның «Ян Брейдел» стадионында ашылды. Брюгге қаласының қаламен аттас командасы өз алаңында «Манчестер Ситиді» қабылдады. Сырт алаңда да, үйінде де тамаша ойын көрсетіп жүрген Англия чемпионы бұл ойында да білгенінен жаңылмады. Гвардиола таза шабуылшысыз-ақ біраз гол соғуға болатынын осы кездесуде тағы бір дәлелдеді. Матчтың 30-шы минутында Фил Фоденнің алаң ортасынан қырағылықпен әуелетіп берген пасын Зинченконы алаңнан біржола алыстатқан Жоау Канселу көкірегімен тоқтатып қақпашының аяқтарының ортасынан асыра салды. Бірінші тайм аяқталар тұста Рияд Марез қарсыластың айып алаңында жығылып, 11 метрліктен мүлт кетпеді. Ойынның екінші бөлігінде позициялық ойынның үлгісін көрсеіп жүрген Пептің шәкірттері басымдығын арттыра түсті. Кездесудің 53-ші минутында тағы бір қорғаушы көзге түсті, бұл жолғы голдың авторы Кайл Уокер болды. «Ситидің» жастар академиясының түлегі Коул Палмер жақында ғана бас бапкердің қалауымен негізгі командаға шақырту алған болатын. Аталған ойынның 64-ші минутында негізгі команда сапында Чемпиондар Лигасындағы алғашқы кездесуіне шыққан жас талант үш минут ішінде өзінің бұл турнирдегі дебюттік голын соқты. Алаң иелері матч аяқталуға он минут қалғанда жұбаныш голын соққаннан басқа қауқар көрсете алмады. «Қалалықтардың» аңыз ойыншысы Фернандиньодан пас алған Марез 84-ші минутта ойындағы екінші добын соқты. Осылайша, кезінде «Ливерпульдің» қақпасын тәп-тәуір қорғаған Симон Миньолеге ағылшындық команда сағынышымен қоса мықтылығын білдірді.

Ман сити - Брюгге

Сенсацияға толы «D» тобындағы шиеленіс енді қыза түскендей. Молдовалық «Шерифтен» ұтылған екі ұжым «Шахтер» Донецк пен мадридтік «Реал» өзара кім мықтыны анықтады. Анчелотти шәкірттері бұл ойында бұрынғы қателіктерін қайталамай, ойынды ә дегеннен тізгіндеп, 5-0 есебімен айқын жеңіске жетті. Матчтағы алғашқы голды украиналық команда соқты, бірақ жергілікті жанкүйерлердің өкінішіне орай таблодағы есеп испандық команданың пайдасына өзгерді. Оң қапталдан әуелетіп асырған Лукас Васкестің пасын Бенземаға жеткізбеу ниетімен тепкен Сергей Кривцовтың добы қақпашыдан асып өз қақпасынан бір-ақ шықты. Екінші таймның бесінші минутында «Реалдың» ардагер ойыншысы Модричтің төрт ойыншының арасынан қиып берген пасын Винисиус қақпаға қиналмай енгізді. Араға бес минут салып бразилиялық тағы көзге түсті. Бқл жолы ол сол қапталдан айып алаңына батылдықпен еніп үш бірдей қорғаушыдан оңай өтіп Трубин тұрған қақпаның жақын бұрышын сол аяғымен жасаған соққысымен дәл көздеді. 64-ші минутта мадридтік ұжымның бразилиялық шабуылшылары төртінші голды ұйымдастырды: Винисиус бұл жолы ассистенттік қырынан танылып отандасы Родигоның да көзге түсуіне жағдай жасады. Испандық клуб голға деген құмарлықтарын ойынның соңғы сәттеріне дейін төмендетпеді. Оған дәлел матчтың төреші қосқан қосымша уақытында соғылған Карим Бенземаның соққан добы еді.

Шахтер - Реал

«А» тобындағы жеңілмеген жалғыз команда ПСЖ өз алаңында «РБ Лейпцигті» қабылдады. 5 гол соғылған тартысты ойында биылғы маусымның жеңісіне басты фавориреттердің қатарындағы франциялық команданың асығы алшысынан түсті. Ойын неміс командасының қауіпті шабуылымен басталды, дегенмен мызғымас қақпашы Навас бұл соққыларға лайықты тойтарыс бере білді. Матчтың 9-шы минутында қарымта шабуылда алаң ортасында Икардиден пас алған Киллиан Мбаппе зымырандай жүйткіп қарсылас қақпасының жақын бұрышын соққысымен дәл көздеді. Есеп ашқаннан соң Поччетино баптаған жігіттер сенімді шабуылдай бастады. Дегенмен қонақтар да Навастың қақпасын біраз торуылдады. Сондай шабуылдардың бірінде «Айнтрахттан» ауысып келген Андре Силва париждік клубтың қақпасының кілтін тапты. Таблодағы тең есеп текетіресті одан әрі қыздыра түсті.

Кездесудің екінші бөлігі Анхелиньоның керемет пасын нәтижеге айналдырған Норди Мукиеленің голымен басталды. Алайда, 67-минутта «Лейпциг» ойыншылары алаң ортасында сәтсіз ойнап, Мбаппеге допты беріп қойды. Француз өзімен бірге жүгіріп келе жатқан Мессидің гол соғуына жағдай жасап бірді, ал аргентиналық өз кезегінде мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Кездесудің 73-ші мнутында Киллианді өз айып алаңының ішінде қос қолдап итерген германиялық клубтың қорғаушысы Мохамед Симакан өз командасын қиын жағдайда қалдырды. Мбаппе орнынан тұрмастан бұрын командаласы Лео Мессиге қарап, «бұл сен үшін» деп ишарат білдірді. «Барселонаның» аңызы матчтағы екінші голын соғып, жаңа клубтағы алғашқы дублін жасады және 47359 жанкүйерді шебер соққысымен тағы бір тамсандырды.

Осы әрекеті жайлы Мбаппе матчтан соңғы сұхбатында былай деді:

«Бұл менің оған деген құрметімді білдіреді. Ол әлемнің үздік ойыншысы. Оның біздің командаға келіп, клубтың намысын қорғауы біз үшін үлкен мақтаныш. Пенальти болды, ал ол келді де гол соқты. Екіншісінде ол менің тепкенімді қалады, бірақ мен мүлт кеттім».

ПСЖ - Лейпциг

Мадридтегі «Ванда Метрополитанода» «Б» тобындағы, сонымен қатар үшінші турдағы орталық кездесулердің бірі өтті. Испания астанасында «Атлетико» «Ливерпульмен» күш сынасты. Салах пен Кейта сынды Клопп шәкірттері жылдам екі гол соққанымен ол басымдықты бірінші таймда-ақ жоғалтып алды. Гризманн соққан екі гол алаңға жиналған көрермендер мен Диего Симеонені ерекше қуантты және командасының нашар жағдайындағы бетін бері қаратты. Дегенмен, дәл осы француз футболшысы матчтың 52-ші минутында ағылшындық клубтың шабуылшысы Роберто Фирминоның бетінен теуіп, бқл жолы әріптестерін жерге қаратты. Айналдырған он минуттың іщінде ойынның антиқаһарманына айналған Антуанның алаңнан қуылуымен алаң иелері тек қорғанысты ойлады. Юрген Клопптың нұсқасындағы әлемнің қазіргі сәттегі үздік ойыншысы Мохамед Салах пенальтиден гол соғып мерсисайдтық командаға жеңіс сыйлады. Бұл топта ойындарының барлығын жеңіспен аяқтаған «Ливерпуль» 9 ұпаймен жеке дара көш бастап тұр.

Атлетико - Ливерпуль

Топтан шығатын айқын фаворит анықтала қоймаған «F» тобындағы қызықты ойынға «Олд Траффордта» жиналған көрермендер куә болды. Дегенмен, қанша жерден өз үінде, жанкүйерлерінің қолдауын сезінсе де Сульшердің сайыпқырандары матчты өте сәтсіз бастады. Қонақтар сапынан кезінде «Челсидің» намысын қорғаған Давиде Дзаппакоста ойынды ширақ бастады. Оң қапталмен бірнеше қауіпті шабуыл өрбіткен ол матчиың 15-ші минутында Марио Пашаличке нәтижелі пас шығарып тынды. Криштиану Роналдумен «Ювентусте» бірге ойнаған Мерих Демираль бұл жолы оның командасына баспен гол соқты. Бұрыштама добын голға айналдырған түркиялық қорғаушы командасының есептегі басымдығын еселей түсті.

Кездесудің екінші бөлігін алаң иелері жаңа деммен бастады. «Аталанта» футболшылары алаң ортасында бір-бірін түсініспей допты Бруну Фернандешке бере салғаны сол екен, португалиялық шебер ойыншы Маркус Рэшфордты аяғының сыртымен шиыра берген пасымен дәл тапты, ал ағылшындық өз кезегінде алыс бұрышты салқынқандылықпен тура көздеп, жергілікті жанкүйерлердің сөнген үмітін үрлеп жаққандай болды. Матчтңы 75-ші минутында Фернандештің алаңның оң қапталынан асырған пасын команда капитаны Гарри Магуайр голға айналдырып, таблодағы есепті теңестіріп әріптестерінің рухын одан әрі көтерді. Ал тартысты доданың шешуші добын жанкүйерлердің сүйікті ойыншысы Криштиану Роналду өз стилінде соқты. Сол қапталдағы қорғаушы Люк Шоудың пасына бәрінен бұрын жеткен португалиялық форвард Чемпиондар Лигасындағы өзіне қарсы ойнаған 38-ші командасына гол соғып тағы бір рекордты жаңартты.

МЮ - Аталанта

Керемет жеңістен кейінгі эмоциясын Криштиану әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Армандар театры өз бабында. Біз тіріміз. Бұл – «Манчестер»! Біз біргеміз және ешкімге де берілмейміз. Бұл «Олд Траффорд»! – деп жеткізді.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте