ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Астанамен» талай әлек болған «Қызылжардың» қарсыласы АПОЭЛ жайлы не білеміз

«Қызылжар» ҚПЛ-дегі 12-ші орнына қарамастан «Астана» мен «Қайраттың» қолынан келмеген ерлікті жасап, Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты. Осы орайда петропавлдықтардың келесі қарсыласы АПОЭЛ жайлы азды-кем ақпараттармен бөлісуді шештік.

АПОЭЛ

АПОЭЛ (Атлитикос Подосфэрикос Омилос Эллинон Лефкосиас) 1926 жылы командада Никосия қаласының грекиялық тұрғындары ойнағанын қалаған бір топ жастардың мұрындық болуымен құрылды. 40 шақты адам асханада бас қосып, клубтың негізін қалады. Команда алғашында ПОЭЛ (Никосиялыл гректердің футбол клубы) деп аталды. Кейін олар тек футболмен шектеліп қалмауды ұйғарып, АПОЭЛ (Никосиядағы гректердің атлетикалық футбол клубы) болып өзгерді. Қазіргі таңда құрамында баскетбол, волейбол, үстел теннисі, мини-футбол, велоспорт, боулинг, су добы, жүзу һәм садақ ату командалары бар.

Ал 1934 жылы АПОЭЛ-дің ықпалымен Кипр футбол федерациясы құрылды. Екі жылдан кейін клуб алғашқы чемпиондығына қол жеткізді. Жалпы команда Кипр біріншілігінде 28 мәрте топ жарып, 21 рет кубокты бастарынан асыра көтеріп, 13 Суперкубок жеңіп алған.

1948 жылы Грекиядағы азаматтық соғысқа байланысты клуб мүшелерінің ойы екі жаққа бөлініп, коммунизмнің жақтастары жеке кетіп, «Омония» командасын құрды. Сол заматтан бері қос ұжым бітіспес қарсылас атанып, жанкүйерлері қол алыспастай жауға айналды.

АПОЭЛ

«Аңыздар» еурокубокте осыған дейін төрт мәрте қазақстандық клубтармен кездескен. 2015/2016 жылғы маусымда Чемпиондар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңінде «Астанамен» күш сынасып, елордалықтар тарихында алғаш рет кәрі құрлықтың басты додасының топтық кзеңіне жолдама алды. Қос матч қорытындысы – 2:1 (1:0, 1:1). Одан кейін араға бір жыл салып қос клубтың жолы тағы да түйісті. Бұл жолы Еуропа лигасының топтық кезеңінде екі рет ойнап, бір-бір жеңіспен (2:1, 1:2) алмасты. Ал 2018/19 маусымда «Астана» мен АПОЭЛ Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің плей-офф сатысында жолығып, астаналықтар кипрліктерді еурокубоксіз қалдырды – 1:1 (0:1, 1:0 (2:1 – пенальтиден).

Тек 2020 жылы кипрлік ұжым қазақстандық командадан басым түсті. Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде қызылордалық «Қайсар» жеңіліс тапты. Сол жылы карантинге байланысты тек бір матч ғана болып, АПОЭЛ Шымкентте «қасқырларды» 1:4 есебімен тізе бүктірді.

Қызылжарлықтар еурокубоктегі дебюттік маусымдарын өткізіп жатса, никосиялық клуб іріктеу раундын былай қойғанда тоғыз мәрте (ЧЛ – 4, ЕЛ – 5) топтық кезеңде өнер көрсеткен. Тіпті, 2011/12 жылдардағы маусымда Чемпиондар лигасының ширек финалынк дейін жеткен. Одан бөлек 2017 жылы Еуропа лигасының 1/8 финалына, 2020 жылы 1/16 финалына шықты.

«Аңыздар» 2020/21 маусымда чемпионатты сегізінші орынмен аяқтап, еурокубоксіз қалды. Ал соңғы маусымда ішкі біріншілікте үшінші сатыға тұрақтап, Конференция лигасында өнер көрсету құқығына ие болды. Іріктеуді екінші кезеңнен бастап, болгариялық «Ботев» командасын қос матч (0:0, 2:0) қорытындысы бойынша тізе бүктірді. Ал «Қызылжар» сенсация жасап, хорватиялық «Осиектен» басым (1:2, 2:0) түсті.

АПОЭЛ ойыншыларының жалпы құны 16,13 миллион еуроны құрайды. Ең қымбат футболшысы – Георгий Квилитпя. Оның бағасы – 2 миллион еуро. Ал «Қызылжардың» құны – 5,98 миллион еуро. Ең қымбат футболшысы – Мирослав Лобанцев (600 мың еуро).

АПОЭЛ құрамының 57,5-%-ын (23 ойыншы) легионерлер құрайды. Қазіргі таңда өз ұлттық құрамаларында ойнайтын 14 футболшысы бар. Олардың басым көпшілігі Кипр құрамасында өнер көрсетеді. Ал «Қызылжардың» 62,5%-ы (15 ойыншы) шетелдік футболшылар. Ұлттық құрамадағы аяқдопшылар саны – 1. Қазақстанның намысын қорғайтын – Еркін Тапалов.

Қызылжар

АПОЭЛ-дің қазіргі құрамында «Астана» мен «Қайсарға» қарсы өткен ойындарға қатысқан төрт футболшы бар. Олар: Георге Эфрем, Лукас Соуза, Христос Уилер һәм Дьемерси Ндонгала.

Кипрліктер маусымаралық үзілісте Матео Сушич, Маркиньос, Даниэл Думбравану, Данни Блум, Хосе Креспо, Лаша Двали және Рафаэль Морейра сынды тағы да басқа аяқдопшылармен толықты.

АПОЭЛ бас бапкері – Софронис Августи. 45 жастағы кипрлік маман клубты өткен жылдың тамыз айынан бері жаттықтырып келеді.

Августи

АПОЭЛ 4 тамыз күні «Қызылжарды» құшағына 22 мыңнан астам жанкүйерді сыйғызатын GSP стадионында қабылдайды. Қарымта кездесу 11 тамыз күні Астанада өтеді. Қос матч қорытындысы бойынша оза шапқан клуб «Сепси» (Румыния) – «Юргорден» (Швеция) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ойын елорда уақытымен 23:00-де басталады. Кездесуді «QazSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте