ВЫБОР ПОЛЬЗОВАТЕЛЕЙ
Olimpbet KZ
Букмекер №1 в Казахстане
1xBet KZ
Winline KZ
PIN-UP KZ
Parimatch KZ
Онлайн-букмекер №1

«Қайратты» бес саусағындай білетін Құрбан Бердыев тізгінді өз қолына алды

«Қайрат» футбол клубы бүгін бас бапкер қызметіне Құрбан Бердыевтың тағайындалғанын хабарлады. Осы ретте Meta-ratings.kz тілшісі 68 жастағы маманның «Қайратпен» байланысы және бапкерлік мансабы жайлы айтқанды жөн көрді.

веыдреБ

Құрбан Бердыев осы жылдың мамыр айында «Қайрат» ФК бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды. Ол команданың жұмысын қолдау және кеңес беру, клуб академиясы және «Қайрат-Мәскеу» жобасымен айналысу секілді жұмыстарды қолға алды. Сол кезде клубтың басшысы Қайрат Боранбаев Бердыевты бас бапкер еткісі келгенін айтқан еді.

«Ол біздің команданың ардагері. Біз әрқашан оның жеткен жетістіктерін бақылап отырдық. Біз онымен жиі сөйлесетінбіз, ол да бізбен үнемі байланыста болатын. Оның тәжірибесі мол. Сондықтан біз оны өз клубымызға жұмысқа шақырдық. Айтпақшы, ол тегін жұмыс істейді. Ол жалақы алудан үзілді-кесілді бас тартты. Оның «Рубинмен» және «Ростовпен» қандай жетістіктерге жеткенін ұмытпаңыз. Бұл жоғары деңгейдегі жаттықтырушы. Ол әзірге өз бетінше жұмыс істегісі келмейді. Біз оны тек осы қызметке орналасуға көндіре алдық. Қазір тек командадағы жаттықтырушыларға кеңес керек. Мен көп нәрсені түсінбеймін, бірақ бапкер бапкерді оңай түсінеді», - деген еді Қайрат мырза.

веабнароБ тарйаҚ енәж веыдреБ набрұҚ

«Қайрат» осы маусымды Алексей Шпилевскийдің жетекшілігімен бастады. Алайда маусым айының басында белоруссиялық маман екінші Бундеслигада бақ сынайтын «Эрцгебирге» клубын тізгіндеді. Ал алматылық клуб оның орнына Кирилл Кекерді тағайындады. Кекер бапкер болғанымен команданы Құрбан Бердыев дайындады деген ақпараттар да болды. Кириллдің өзі де бір сұхбатында Құрбан мырзамен күн сайын сөйлесіп, пікір алмасамын деп еді. Кенеттен Ресей құрамасы бас бапкерін қызметінен босатып жаңа жаттықтырушы іздей бастады, үміткерлердің тізімінде Құрбан Бекиұлы да болды. Тіпті 68 жастағы маман келіссөздер жүргізу үшін Ресейге аттанды. Осы әсер етті ме, әйтеуір «Қайраттың» нәтижелері нашарлай бастады. Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Алашкертпен» болған ойыннан кейін Кирилл Кекер өз еркімен қызметінен кетті. Оның орнына команданы уақытша Артем Гавриленко баптады. «Фоланы» сырт алаңда 1:4 есебімен жеңіп келген «Қайраттың» тізгінін енді ресми түрде Құрбан Бердыев өз қолына алды. Келісім-шарт тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігімен осы маусымның соңына дейін жасалды.

КФ тарйаҚ

Бердыев соңғы екі жыл бойы жұмыссыз жүрді

«Ростовпен» үлкен жетістіктерге жеткен Бердыев 2017 жылы «Рубинге» қайта оралды. Бірақ 12 жыл бойы жаттықтырған клубты бұл жолы өрге сүйрей алмады. 2017/2018 жылғы маусымда 10-орыннан, ал келесі маусымда 11-орыннан бір-ақ шықты. Оның үстінде түркменстандық маманның жылдық жалақысы 3 миллион еуроны құрады. Осы факторлардың барлығы оны клубтан кетуге мәжбүрледі. 2019 жылдың 5 маусымынан бастап Бекиұлы ресми жұмыссыздар қатарына кірді.

Бердыев «Қайратты» бес саусағындай біледі

Құрбан Бердыев ойыншы ретіндегі мансабын 1971 жылы өз отанында «Копетдаг» (бұрынғы атауы «Колхозчи») командасында бастады. Ал бес жылдан кейін алматылық клубқа ауысты. Бірақ мұнда көп уақыт өткізген жоқ. Бір маусымда 20 матч өткізіп, 5 гол соққан Бердыев қайтадан өзінің туған клубына оралды. Одан бөлек, жартылай қорғаушы СКА, «Ростсельмаш» клубтарының намысын қоғап қайтты. Бірақ футболшы мансабындағы ең жарқын сәтін «Қайратта» өткізді. 1981 жылы Алматыға қайта оралып, 4 жыл бойы «Қайратта» доп тепті. Осы уақыт аралығанда бас-аяғы 139 матч өткізіп, 28 мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеді және КСРО бірінші лигасында топ жарды. Түркменстандық футболшы мансабын 1993 жылы дәл осы «Қайратта» аяқтады (1 матч).

Бердыев ойыншы ретінде

Бердыев футболшы ретіндегі мансабын аяқтамай тұрып-ақ бапкерлікке бет бұра бастады. 1986 жылы Ваит Талғаев екеуі «Химик» (қазіргі «Тараз») клубын тізгіндеп, үш жыл бойы жамбылдық клубта жұмыс істеді. Ал 1991 жылы «Қайраттың» бас бапкері Бақтияр Байсейітовтің көмекшісі болып тағайындалды. 1993 жылы түркиялық «Генчлербірлігі» командасына бапкер болғанымен, келесі жылы қайтадан «Қайратқа» келді. Бірақ бұл жолы бас бапкер ретінде. Десе де, бір жылдан кейін алматылық клубпен қош айтысты.

Бердыев әлемнің ең үздік бапкерлерімен кездесіп қана қоймай, оларды жеңе білген

Құрбан Бекиұлының есімі «Рубин» клубының тарихына алтын әріптермен жазылған. Себебі 2001-2013 жылдары Бердыев дәл осы клубта тер төкті. Ол 2009-2010 жылғы маусымда «Рубинді» алғаш рет Чемаиондар лигасының топтық кезеңіне шығарып, ол жерде «Барселона» және «Интермен» кездесті. «Камп Ноуда» өткен мачта Бердыев шәкірттері Гвардиоланың командасын 2:1 есебімен жеңді.

авлоидравГ енәж веыдреБ

Ал Жозе Моуриньоның командасымен тең ойнады (1:1). Ол аз десеңіздер, Диего Симеоне жаттықтыратын «Атлетико» мен Рафаэль Бенитестің «Челсиінен» басым түскен.

оьнируоМ енәж веыдреБ

Құрбан Бекиұлының еурокубоктердегі тәжірибесі Конференция лигасының топтық кезеңінде ойнағалы жатқан «Қайратқа» ауадай қажет. Сондықтан Қайрат Боранбаев бұл жолы бапкер таңдау кезінде еш қателеспеді деген ойдамыз.

Комментарии
Нет комментариев. Будьте первым!
Девушки в спорте