Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Australian Open іріктеу кезеңінен финалында жеңіліп қалды.
Попко 2 сағат 13 минутқа жалғасқан кездесуде екі эйс жасап, бес мәрте қос қателікке жол беріп, мүмкін болған сегіз брейкпойнттың екеуін іске асырып, алғашқы сетте жеңгенімен, қалған екеуінде жеңіліс тапты.
Дмитрий Попко (Қазақстан) — Иржи Лехечка (Чехия) – 1:2 (6:4, 3:6, 3:6)
Осылайша Попко Аустралия ашық чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама ала алмады. Ал тағы бір қазақстандық теннисші Тимофей Скатов іріктеуден іркілмей өтті.