Қарағандылық «Теміртау» клубы хоккейден Қазақстан Pro Hokei Ligasy чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Өз алаңында «Горнякты» қатарынан екі рет жеңіп, қоржынындағы ұпай санын 78-ге дейін жеткізді. Осылайша турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі ұжымдар қуып жете алмайтын межеден асып, плеф-офф кезеңіне жолдама алған төртінші команда атанды.
Осыған дейін бұл межені өскемендік «Торпедо», нұр-сұлтандық «Номад» және Қарағандының негізгі клубы «Сарыарқа» бағындырған еді.