Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Аустралияда өтіп жатқан Sydney Tennis Classic ATP 250 турнирі жұптық сынының алғашқы кезеңінен сүрінбей өтті.
Недовесов пен пәкістандық Айсам-уль-Хак Куреши жұбы 1 сағат 38 минутқа жалғасқан кездесуде екі эйс жасап, бір мәрте қос қателікке жол беріп, мүмкін болған төрт брейкпойнттың екеуін іске асырып, 1/8 финалға жолдама алды.
Александр Недовесов / Айсам-уль-Хак Куреши (Қазақстан / Пәкістан) — Ллойд Гласспул / Харри Хелиоваара (Ұлыбритания / Финляндия) — 2:1 (6:7 (2:7), 6:3, 10:7)
Недовесов пен Куреши жалпы жүлде қоры 521 000 долларды құрайтын турнирдің 1/8 финалында Марсело Аревало (Сальвадор) мен Жан-Жюльен Ройер (Нидерланд) жұбына қарсы тұрады.