Рунет выбирает
77
79
75
76
80

Михаил Кукушкин Индиан-Уэллстегі турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алды

Читать полностью

Қазақстандық Михаил Кукушкин Индиан-Уэллс мастерс турниріне жолдама алды.

Дүниежүзілік рейтингте 154-орында тұрған М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 93-ракеткасы, жапониялық Есихито Нисиокамен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:2, 7:6 (7:4) есебімен ұтты.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 1 эйс жасап, 18 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 2 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді.

Кукушкиннің негізгі турнирдегі қарсыласы кейін анықталады.

Жүлде қоры 8,5 млн АҚШ долларынан асатын ірі жарыста Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик те өнер көрсетеді.

Читайте Metaratings, чтобы быть в курсе свежих новостей казахстанского и мирового спорта, эксклюзивных инсайдов и экспертных мнений.

Подпишись на Metaratings.ru
Рейтинг: 5
Реклама 21+