Қазақстандық теннисші Анна Данилина Аустралияда өтіп жатқан Sydney Tennis Classic WTA 500 турнирі жұптық сынында жеңіске жетті.
Данилина мен бразилиялық Беатрис Хаддад Майя 1 сағат 30 минутқа жалғасқан кездесуде бір эйс жасап, алты мәрте қос қателікке жол беріп, мүмкін болған сегіз брейкпойнттың үшеуін іске асырып, турнирдің жеңімпаздары атанды.
Анна Данилина / Беатрис Хаддад Майя (Қазақстан / Бразилия) — Вивиан Хайзен / Панна Удварди (Германия / Венгрия) — 2:1 (4:6, 7:5, 10:8)
Осылайша Данилина мансабындағы жұптық сын бойынша 24-ші титулын жеңіп алды.